Жүйке жүйесін нығайтатын тағамдар қандай?

122

0

Ғалымдар ашытылған сүттен жасалған тағамдар адамның жүйке жүйесіне едәуір пайдалы екенін анықтады, деп хабарлайды Baq.kz ақпарат агенттігі шетелдік БАҚ-қа сілтеме жасап.

Жапония ғалымдары адамның депрессиялық күйге түсуінен қорғайтын, жүйке жүйесін нығайтуға көмектесін тағамдарды анықтау үшін зерттеу жүргізген.

Халықаралық денсаулық сақтау ұйымының деректеріне сүйенсек, әлемде 300 млн аса адам депрессивті жағдайға ұшыраған.

Депрессияға ұшыраудың негізгі белгілері – көңілсіздік, уайым, өзін кінәлі және шарасыз сезіну, кез келген болмашы нәрсеге ашулану.

Ғалымдар өткізген зерттеуге 1000 ерікті қатысты. Қатысушылардың арасында ас мәзірінде айран, йогурт пен майлылығы төмен сүтті тұтынғандардың көбі депрессия мен басқа да жүйке жүйесінің өзгеріске ұшырауына түспеген. Сондай-ақ олардың жүйке жүйесі күйзеліс жағдайларына беріктеу келеді екен.

Сонымен қатар мамандар ас мәзірінде ашытылған сүттен жасалған өнімдерді жүйке жүйесінің мықты болуы үшін ғана емес, сондай-ақ жалпы иммунитеттің жоғары болуы үшін тұтынуға кеңес береді.

Пікірлер жоқ. Бірінші болыңыз!

Пікір жазыңыз