Жыл басынан бері 152 адам тұрақты жұмысқа орналасты

54

0

Жыл басынан бері 152 адам тұрақты жұмысқа орналастыКеше Қызылорда қаласында қалалық жұмыспен қамту және әлеуметтік бағдарламалар бөлімі, «Нұр Отан» партиясы және Облыстық кәсіпкерлік палатасы, Жеке жұмыспен қамту агенттігі, «Жастарды қолдау орталығы» бірлесіп арнайы жоспарға сәйкес «Бос жұмыс орындары жәрмеңкесін» ұйымдастырды. Бұл туралы қалалық әкімдіктің баспасөз қызметі хабарлады.

Биылғы жыл басынан бері қалалық жұмыспен қамту және әлеуметтік бағдарламалар бөліміне жқмыссыз ретінде хабарласқан азаматтардың саны – 2750 болса, солардың ішінде жұмыспен қамтылғандары – 152 адам.

2015 жылдың 1 қаңтарына тіркелген жұмыссыздық деңгейі – 0,7 пайызды құрады. Жұмыссыздардың ішінде 14,3 пайызы – жоғары білімді, 35,0 пайызы – арнаулы орта білімді, 50,7 пайызы – орта білімді. Хабарласқандардың ішінде жұмысшы мамандығы – 55,0 пайызы, қызметкерлер – 19,0 пайызы, бұрын жұмыс істемегендер саны – 26,0 пайызды құрайды.

Осы мақсатта жұмысқа тартудың ең тиімді түрлерінің бірі ол, қалада ай сайын «Бос жұмыс орындары жәрмеңкесін» өткізу болып отыр. Онда жұмыссыздар жұмыс берушілермен тікелей кездесуге толық мүмкіндік алады. Аталған іс-шараларға қаладағы мекемелер қатысып, жұмыссыздар жұмыспен қамтылады. Сонымен қатар қайта даярлау курстарына, қоғамдық жұмыстарға және жастар тәжірибесіне жолданып кеңес алады.

«Бос жұмыс орындары жәрмеңкесіне» қаладағы 42 мекемеден алдын ала 123 бос орындарға сұраныстар келіп түсті, оның ішінде: бактериолог, инфекционист, дәрігер, конферансье, есепші, мемлекеттік сатып алу маманы, инженер-құрылысшы, КИПиА инженері, АЗС операторы, инженер-технолог, инженер-жобалаушы, инженер-сметашы, заңгер, бағдарламашы, лаборант, мұғалім, механик сонымен қатар тас қалаушы, бұрғылаушы көмекшісі, автослесарь, жүйе электригі, электргазбен дәнекерлеуші, көлік жүргізушісі, аспазшы, тігіншілер, массажист, хореограф, сатушы және жұмысшылар.

Сонымен қатар жәрмеңкеде «Жұмыспен қамту 2020» бағдарламасы бойынша әлеуметтік жұмыс орындарына, ереженің талабына сәйкес түсіндірме жұмыстары жүргізілді.

Пікірлер жоқ. Бірінші болыңыз!

Пікір жазыңыз