Жыл соңына дейін реформалар бойынша нақты шаралар қолға алынады – Елбасы

35

0

Жыл соңына дейін реформалар бойынша нақты шаралар қолға алынады - Елбасы АСТАНА. ҚазАқпарат – Желтоқсанның соңына дейін алда қандай жаңалықтар
күтетінін халық білетін болады, реформалар бойынша нақты шаралар
қабылданады. Бүгін Мемлекет басшысы Нұрсұлтан Назарбаев ағымдағы жылды
қорытындылап телеарна журналистеріне берген сұхбатында осылай мәлім
етті. 

Мемлекет басшысы биылғы жылы Қазақстан ДСҰ-ға енгенін айтып,
алдағы жылдан бастап жаңа сауда-саттық саясаты жүзеге асатын тарихи
кезең екенін жеткізді. Сонымен қатар Президент екінші жартыжылдықта
реформаларды іске асыру үшін Парламент қауырт жұмыс істегеніне де назар
аударды.
«Парламент сексен заң жобасын қабылдады, көпшілігіне
мен қол қойдым. Тапсырмам бойынша, бұл заңдар келесі жылдың басынан іске
аса бастайды. Бұл ретте халық осы айдың ішінде қандай ұйымдар пайда
болатынын, қандай шаралар атқарылатынын білетін болады. Біздің
қаржыларымыздың қалай үнемделуі де жұртшылыққа жан-жақты белгілі
болады», – деді Н.Назарбаев.

Пікірлер жоқ. Бірінші болыңыз!

Пікір жазыңыз