Жылу маусымана дайындық жұмыстары аяқталуға жақын

50

0

Жылу маусымана дайындық жұмыстары аяқталуға жақынБүгін облыс әкімі
Қ.Көшербаевтың төрағалығымен кезекті қысқы маусымға дайындық барысы пысықталды.
Тиісті сала мамандарына «қыс қыр астында» екендігін ескерткен аймақ басшысы
ешкімге де босансуға болмайтынын айтты, деп хабарлайды облыс әкімінің баспасөз қызметі.

Облыс әкімінің орынбасары Нұржан Әлібаев қысқы
маусымға әлеуметтік нысандардың дайындығын баяндап берді. 2014-2015 жылғы жылу
маусымына 8,4 млрд. теңге бөлінсе, соның 6,1 млрд. теңгесі әлеуметтік салаға
жұмсалған.

«Қызылорда электр тарату тораптары компаниясы» АҚ
қысқы маусымға толық дайын. Жыл басынан жоғары кернеулі электр желілері
ауыстырылып, трансформаторлар жаңартылды. Ал «Қызылордажылуэлектрорталығы» МКК
мекемесінде күрделі жөндеудің 99 пайызы аяқталған. Жылу желілерінің жөндеу жұмыстары
санаулы күндерде бітеді. Станцияның негізгі қондырғыларындағы (№6, 9 бу
қазандығы, №4, 5, 6 күштік трансформатор, №6 турбогенератор, №5 бу қазандық
және SG-2000/15n маркалы №5,6,7 бу қазандықтары, №1,2 КЕ-25-14С, 3,5 км жылу
желісі) жөндеуден өтті.

Жалпы,
жөндеу жұмыстары кесте бойынша жүргізілуде. Аймақ басшысы сала басшыларына
бақылауды күшейтуді тапсырды.

Пікірлер жоқ. Бірінші болыңыз!

Пікір жазыңыз