ЖЫЛУ МАУСЫМЫНА ӘЗІРЛІК ЖОСПАРҒА САЙ

37

0

ЖЫЛУ МАУСЫМЫНА  ӘЗІРЛІК ЖОСПАРҒА САЙОблыс бойынша алдағы жылу беру маусымына қажетті
40,7 мың тонна қатты отынның 35 пайызы, 18 мың тонна дизельдің 25 пайызы дайын.
Бұл туралы кеше облыс әкімі Қырымбек Көшербаевтың төрағалығымен өткен аппарат
мәжілісінде айтылды.

Мәжілісте облыстық энергетика және тұрғын
үй-коммуналдық шаруашылығы басқармасының басшысы Ержан Әбдіқалықов қысқа дайындық жұмыстары кезең-ке­зеңімен
жүргізіліп жатқанын баяндады. Нақты кезеңде облыста 1041 әлеуметтік нысан бар.
Жоспарлан­ған жөндеу жұмыстары толығымен аяқталған. Жалпы, әлеуметтік ны­сандардағы
бу қазандықтарының 83 пайызы ағымдағы жөндеуден өтті. Аймағымыздағы жылу
жүйелерінің жалпы ұзындығы 183,5 шақырымды құрайды.

Тағы бір айта кетерлігі, ком­му­налдық қызметтердің
ақысын төлеуге тұрғындар асығар емес. Қыркүйек айына дейінгі берешек 583,7 млн.
теңгені құрап отыр. Оның ішінде жылуға қарыз – 360,6 млн. теңге. Оның 71 пайызы
тұрғындар үлесіндегі қарыз болса, қалғаны мекемелердің берешегі.

– Жылу маусымы басталғанша әлеуметтік нысандар толық
дайын болуы тиіс. Аудандардағы газдандыру жұмыстары осы әлеуметтік нысандардан
басталу қажеттігін тағы қаперлеріңізге саламын. Коммуналдық қызметтің ақысын
уақытылы төлеу керек. Осыған байланысты жұмысты күшейтіңіздер, – деді облыс
әкімі Қ.Көшербаев.

Сондай-ақ, аймақ
басшысы жос­парға сәйкес жүргізіліп жатқан жөндеу жұмыстарының сапасын назардан
тыс қалдырмау қажеттігін тағы бір ескертті.

Пікірлер жоқ. Бірінші болыңыз!

Пікір жазыңыз