Жылыжайда 25 мың түп қияр өседі

45

0

Жылыжайда 25 мың түп қияр өседіЖаңақорған. Аграрлық сектор еңбеккерлеріне берері мол мемлекеттік «Сыбаға» бағдарламасы аясында 2012-2013 жылдары аудан бойынша 49 шаруашылық құрылымдары жұмыс жасап, облыс бойынша алдыңғы қатарға шықты.
Соның бірі – Қаратөбе ауылындағы Амантай Сарбасовтың «Серікбай» шаруа қожалығы. Қожалық иесі қолда бар аналық ірі қараларды ет бағытындағы асыл тұқымды бұқалармен түрлендіру үшін 2012-2013 жылдар аралығында мемлекеттік «Сыбаға» бағдарламасы аясында мемлекеттен 23 млн теңге алған. Бүгінде мұнда 220 аналық сиыр, 30 бұзау, 7 асыл тұқымды бұқа өсіріліп, көбейтілуде. 
Одан өзге аудан бойынша ең үлкен жылыжайда осы кісінің еншісінде. Ауысыммен қияр, қызанақ егілетін 0,70 га аумақты алып жатқан жылыжайда. Қазіргі уақытта 25 мың түп қияр өркен жайып тұр. Ал 22 га созылған аумақта мал азығына арналған жоңышқа егілуде. Негізінен отбасы мүшелерінен құралған шаруашылық 12 адамды жұмыспен қамтып отыр.
Пікірлер жоқ. Бірінші болыңыз!

Пікір жазыңыз