Жыр дүлдүлінің шығармашылығына арналды

49

0

Жыр дүлдүлінің шығармашылығына арналдыӘ.Тәжібаев атындағы облыстық әмбебап ғылыми кітапханасында жыр дүлділінің шығармашылығына арналған «Тәжібаев оқулары» жыл сайын өткізіледі.
Бүгін «Тәжібаев оқулары» аясында балалар әдебиет бөлімі «Сырға толы – сырлы ақын» атты жыр кешін ұйымдастырды. Мақсаты: Әбділда Тәжібаевтың өмірі мен шығармаларын жас ұрпаққа таныстыру, ақын өлеңдерінің мәні мен мазмұнына тоқталып, мәнерлеп оқу дағдысын жетілдіру, рухани танымын кеңейту.
Жыр кешіне №140 орта мектеп, №12 І.Қабылов атындағы орта мектеп оқушылары, «Рауан» интеллектуалды шығармашылық клубының белсенді мүшелері қатысты. Оқушылар ақын өмірі мен шығармашылығына тоқталып, өлеңдерін жатқа оқып, ақынның өлеңдеріне жазылған, туған жер, Отан туралы әндер шырқады.

Пікірлер жоқ. Бірінші болыңыз!

Пікір жазыңыз