Жыршы жайлы жазылған «Жыр-ғұмыр»

70

0

Жыршы жайлы жазылған «Жыр-ғұмыр»Арал. Аудандық мәдениет үйінде республикаға белгілі айтыскер ақын, жыршы-термеші Бекұзақ Тәңірбергенов туралы жазылған «Жыр-ғұмыр» атты кітабының тұсаукесер кеші өтті. Оны Қазақстан Журналистер Одағының мүшесі, ақын Талғат Тілеулесов жазған. 
Көпшілік Б.Тәңірбергеновтің кезінде айтыс өнерінде өзіндік өрнегін қалдырғанын әлі күнге дейін жадынан жоғалта қойған жоқ. Оның айтқан «Аралдың табанынан су кеткенмен, халқының жүрегінен жыр кеткен жоқ» деген жыр жолдары әлі күнге дейін елдің аузында айтылып, нақылға бергісіз сөзге айналып кетті. Өмірден ерте кеткен ақын осылайша елдің жылы ықыласына бөленді. «Жыр-ғұмыр» сол жалынды жырларды жұртшылыққа сыйлаған жампоз жайында жазылған қызықты туынды саналады. 
Сонымен қатар, Қазақстан Республикасының еңбек сіңірген қайраткері, композитор Мұрат Сыдықовтың авторлық ән жинақтары үн таспасының да тұсауы осы кеште кесілді.
Пікірлер жоқ. Бірінші болыңыз!

Пікір жазыңыз