Жүзден астам қызметкер суицидке тәуелділігін тексерді

48

0

Жүзден астам қызметкер суицидке тәуелділігін тексердіОблыстық төтенше жағдайлар департаментінің «Өрт сөндіру және авариялық құтқару жұмыстары қызметі» ММ психологиялық қызмет бөлімінің ұйымдастыруымен «Суицидке жол жоқ» атты психопрофилактикалық іс-шара өткізілді. 
Психологиялық қызмет бөлімінің бастығы өртке қарсы қызмет капитаны Сымбат Абдуллаеваның айтуынша, аталған шараға облыстық салауатты өмір салтын қалыптастыру орталығының  психолог мамандары  мен мекеменің терапевт-дәрігері қатысты. Іс-шара барысында мамандар қызметкерлерге өмірдің ақ және қара жолақтан тұратындығын, қуаныш пен қайғының қатар жүретіндігін, қандай қиыншылық болмасын күресу керектігін айта келіп, жарқын болашаққа жетелеп, жағымды әсер қалдыратын бірнеше бейнебаяндар көрсетіп, психологиялық тренингтер мен жүзден астам қызметкерге суицидке тәуелділігін анықтау мақсатында психодиагностикалық тест жүргізілді.
Пікірлер жоқ. Бірінші болыңыз!

Пікір жазыңыз