Жүзге жуық мектеп аттестацияға қатысты

41

0

Жүзге жуық мектеп аттестацияға қатыстыБүгін Өңірлік коммуникациялар қызметінде Қызылорда облысының білім саласындағы бақылау департаментінің басшысы Руслан Чагай баспасөз мәслихатын өткізді, – деп жазады «Кызылорда ньюс» сайты.
Департамент басшысы өз баяндамасында білім беру ұйымдарында жүргізілетін мемлекеттік аттестаттау, ішінара және жоспардан тыс тексерулерге, лицензиялаудың  талаптары мен ҰБТ-да болатын өзерістер мен білім алушылардың білімін сырттай бағалау мәселелеріне кеңінен тоқталды. 
Өткен жылы облыстың білім беру ұйымдарында 31 ішінара және 18 жоспардан тыс тексеру жүргізіліп, барлығы 49 мекемеге 1 092 315 теңге көлемінде айыппұл салынған. Сондай-ақ, облыстағы 97 мектептің 30 пайызы аттестациядан өтпей қалған. 
– «Е-лицензиялау» бағдарламасы бойынша департаментте 146 өтініш тіркелген. Өтініштерді қабылдау және мемлекеттік қызмет көрсету нәтижелері департаменттің веб-порталы арқылы жүзеге асырылып, тіркелген өтініш иелеріне толықтай жауап берілді.  Ал, ҰБТ мәселесіне келетін болсақ, өткен жылдың 2-4 маусым аралығында облыстың 9 тестілеу пунктінде ұлттық бірыңғай тестілеу өткізілді. Оған 6925 мектеп бітірушінің 4643-і қатысуға тілек білдірген. Нақты ҰБТ-ға 4561 мектеп бітіруші қатысты. Нәтижесінде орташа балл 82,5 пайызды құрап,   2015 жылмен салыстырғанда 1,1 балға жоғарылады, – дейді Руслан Чагай.
Пікірлер жоқ. Бірінші болыңыз!

Пікір жазыңыз