Зияткерлік ойын-сайысы

171

0

Зияткерлік ойын-сайысыЕлбасымыздың «Үштұғырлы тіл» саясатын насихаттау барысында 16 наурыз күні Ә.Тәжібаев атындағы облыстық әмбебап ғылыми кітапханасы «Білімнің бір биігі үш тұғырлы тіл» атты зияткерлік ойын-сайысын ұйымдастырды.
Сайысқа №140 орта мектептің, №12 І. Қабылов атындағы орта мектептің оқушылары қатысты. Қатысушылар «Жасқыран», «Топжарған» атты екі топқа бөлініп «Таныстыру», «Полиглот», «Бәйге», «Эрудит», «Жұмбақтар жасыру», «Сұрақ-жауап» кезеңдерімен сайысты.
Шарада оқушылар өз білімдерінің жан-жақтылығын, ана тілімен қоса өзге тілдерді жетік меңгергендігін, ойлау қабілетін жеткізе білді. Сайыс соңында жеңімпаздар марапатталды.

Пікірлер жоқ. Бірінші болыңыз!

Пікір жазыңыз