ЗӘМ-ЗӘМ ҚҰДЫҒЫН ҚАЙТА ҚҰРУ ЖҰМЫСЫ БАСТАЛДЫ

60

0

  Сауд Арабиясының Мекке қаласындағы әл-Харам мешітінде Зәм-зәм құдығын қайта құру жұмыстары басталды. Осыған байланысты қазіргі уақытта қасиетті Қағба территориясында жүріп-тұру шектелген. Мәселен, матаф территориясына бару тек Фатх король қақпасы арқылы ғана жүргізіледі, ал шығу – тек ас-Салам жолы арқылы іске асырылады.

Еске сала кетсек, Зәм-зәм құдығын қайта құру жөніндегі жобаны Сауд патшасының жеке өзі мақұлдаған. Жобаға сәйкес, нысан аумағындағы құрылыс және жөндеу жұмыстары жеті айға созылады және қасиетті Рамазан айы қарсаңында аяқталуы тиіс.

Жұмыстың алғашқы кезеңі аясында шығыс матафқа (Қағбаны тауап ететін территория) су сақтауға арналған жеті арнаулы қойма орнатылады. Осыдан кейін құдықтың көне орамы жаңартылатын болады.

Пікірлер жоқ. Бірінші болыңыз!

Пікір жазыңыз