«Өзін-өзі тану: Махаббат пен шығармашылық педагогикасы» онкүндігі өтті

125

0

«Өзін-өзі тану: Махаббат пен шығармашылық педагогикасы» онкүндігі өттіҚызылорда облысының білім беру ұйымдарында «Өзін-өзі тану: Махаббат пен шығармашылық педагогикасы»  дәстүрлік онкүндігі болып өтті. Республика көлемінде өткізіліп жүрген дәстүрлі онкүндік «Өзін-өзі тану» пәнінің негізін қалаушы, үлкен жүректі ана С.А.Назарбаеваның туған күнімен тұспа-тұс келеді. Оқушыларға  жалпыадамзаттық құндылықтарды түсіндіре отырып, мейірімділік пен өзара адами қасиеттерді, қамқорлық жасау, көмек көрсету дағдыларын дамытатын шараның басты мақсаты оқушыларды әдептілікке, сыпайылыққа, сыйластыққа, қамқорлыққа, татулыққа, сүйіспеншілікке, махаббатты бағалай білуге, жақсылық жасауға тәрбиелеу.
Жастардың бойында әлемдік мәдениетті бағалап, ұлттық мәдениетті ұлықтай алатын асыл қасиеттердің болуы олардың еліне, туған жеріне деген перзенттік сезімін ұлғайтып, әлеуметтік белсендігін дамытады. Сол себепті 
білім мазмұнына дүниетанымдық және рухани – адамгершілік сипаттары айқын мәселелерді көбірек қамту қажеттігі туындайды. Осы мақсатты жүзеге асыруда  «Өзін-өзі тану» пәнінің маңызы ерекше.
2017 жылдың 2 ақпан күні барлық білім беру ұйымдарында таңғы жиындарда «Өзін-өзі тану: Махаббат пен Шығармашылық педагогикасы» атты дәстүрлі онкүндігінің ашылу салтанаты бастау алып, мектептерде ізгілік кеңістігі орнатылып, әрбір сынып есіктері мен дәліздерге ізгілікті сөздері жазылып ілінді. Сонымен қатар, онкүндіктің екінші күнінде «Мейірім төгетін ана» тақырыбында кітап көрмесі жабдықталды. Оқушылар Сара Алпысқызы туралы кітаптарды оқып, өмір жолымен еңбектерімен танысты,сонымен қатар  балалардың  назарына  Сара Алпысқызы Назарбаева туралы «Сізге деген сүйіспеншілікпен… » атты бейне фильім ұсынылды.
Онкүндік білім беру ұйымдарының 1-5 сынып оқушылары арасында «Алтын жүрек анамыз» және 5-11 сынып оқушылары арасында «Сердце наполненное любовью» тақырыптарында көркемсөз оқу шеберлерінің байқауымен жалғасты. Байқау барысында оқушылар «Өзін-өзі тану» пәні идеясының авторы С. Назарбаеваның құрметіне арналған жүрекжарды шығармаларынынан ең таңдаулы деген өлеңдерін оқыды. Оқушыларға сүйіспеншілік құндылығының адам өміріндегі мәнін түсіндіру мақсатында 7-8 сынып оқушылары арасында «Сүйіспеншілік – өмір өзегі» атты тақырыбында эссе жазу байқауы да өтті.
«Өзін-өзі тану: Махаббат пен шығармашылық педагогикасы» онкүндігі өттіАдамның табиғат берген дарындылығын, оқушылардың  қабілеттерін дамытуға ықпал ету мақсатында 2017 жылдың 5 ақпан күні Отбасы үлгісіндегі балалар ауылындағы  балалардың мейірімділік, бейбітшілік және достық тақырыптарындағы шығармашылық жұмыстарының суреттері, қолөнерлері, ашық хаттарынан көрме ұйымдастырылды. Көрмеге оқушылар еркін тақырыптарда сурет салып, тігін бұйымдары мен қолөнерлерін паш етті.
Бұдан басқа, Қорқыт ата атындағы Қызылорда университетінде  «Өзін-өзі тану» пәні оқытушылар мен мектеп ұстаздары арасында салааралық тәжірибе алмасу  кездесуі өткізілді. 
Ерекше ұйымдастырылған шаралардың бірі – оқушылардың  өздеріне деген ішкі сенімдерін ұғындыру, дамыту мақсатында өткізілген «Шын жүректен» атты қайырымдылық акцияларын атауға болады. 9 сынып оқушылары өздерінің жасаған қолөнер бұйымдарынан жәрмеңке ұйымдастырып, оған түскен қаржыға қарттар үйіне сыйлық алып, қарт кісілердің көңілін көтеріп ізгілік іс атқарып қайтты. Қарттарымыз баларына ризашылықтарын білдіріп, өз баталарын берді. Оқушыларымыз ерекше әсер алып,өздерінің жасаған  шынайы жақсылықтарына риза болып қайтты. Бұдан басқа, «Жүректен жүрекке» тақырыбында демеушілердің көмегімен аз қамтылған отбасынан шыққан оқушылар мен мүмкіндігі шектеулі оқушыларға қайырымдылық акциясы ұйымдастырылды.
Оқушылардың көңіл-күйін көтеріп, мейірімділік таныту мен жақсылық жасаудың адами қарым-қатынастығы мәнділігін түсіндіру, жақсы істер жасай білу іскерліктерін дамыту, қайырымдылыққа, ізгілікке, қамқор болуға тәрбиелеу мақсатында әлеуметтік педагог, тәлімгер, мектеп психологтарының ұйымдастыруымен «Сенде бір кірпіш дүниеге…» атты үйден оқитын оқушыларға арналған мерекелік кеш ұйымдастырылды. 
Онкүндікті қорытындылау барысында «Өзін-өзі тану: Махаббат пен Шығармашылық педагогикасы» ауқымды семинар өтті. Семинарға аудан, қала мектептерінен «Өзін-өзі тану» пәнінің мұғалімдері мен аймақтың  білім бөлімдеріндегі әдіскерлер қатысты.
Семинарға қатысушыларды № 269 мектептің 5-сынып оқушыларынан құралған «Еркемай» домбырашылар ансамблі қонақтарға арналған ән шашумен қарсы алды. Қармақшы аудандық білім бөлімінің әдістемелік кабинет жетекшісі Аймаханова Құндызай сөз алып, семинарға келген қонақтарды семинардың бағдарламасымен таныстырып өтті. Мектеп мәжіліс залында № 99 мектептің өзін-өзі тану пән мұғалімі   Мөлдір Жанқуатованың ұйымдастыруымен «Мирас патша» ертегісінің желісіне негізделген қойылым тамашаланды. Қойылымда № 99 мектеп мұғалімдері мен оқушылары патша мен адам бойындағы бес құндылықты және сиқыршы ханшайымды сомдау арқылы семинардың тақырыбын ашты.
 «Жүректен жылу таратқан…» тақырыбында шаттық шеңберіне жинаған № 250 мектеп-лицейдің өзін-өзі тану пән мұғалімі Г. Сәрсенбаева семинар қонақтары мен аудан мұғалімдері арасында ыстық лебіздерін білдіртті.
Семинарға № 199 мектеп мұғалімі Р. Әлиева «Бәрі де махабаттан басталады…» атты көрме жұмысын көрсетіп, оқушылардың шығармашылықтарымен таныстырды.
Іс-тәжірибелерін әріптестермен бөлісуді мақсат ете отырып, 2-сыныптарға «Мен шабыттандырамын, мені шабыттандырады…» тақырыбында №80 мектеп-гимназияның өзін-өзі тану пәні мұғалімі Тынымова Гүлназ, № 269 орта мектептің бастауыш сынып мұғалімі Бауыржанқызы Жанар ықпалдастыру сабағын өткізді. «Әсемдікке ауа, жылу және жарық керек» тақырыбында оқушыларды әсемдікке баулу, ауа, жылу, жарықтың әсемдікке де қатысы бар екендігін, оның маңыздылығын айта отырып,  5- сыныптарға Байқоңыр қаласының  № 273 орта мектептің өзін-өзі  тану пән мұғалімі  Наурызбаева  Света  ашық сабақ өткізді. Сонымен қатар 10-11-сыныптарға «Ата-анаң – алтын тұғырың», «Риясыз-сүйіспеншілік» тақырыбында ата-ананың қадір-қасиеті мен адамгершілік, сенім, риясыз көңіл турасында № 30 орта мектептің өзін-өзі тану пән мұғалімі Л.Қаржаубаева, № 274 орта мектеп өзін-өзі тану пән мұғалімі Р.Жұрманова өте керемет сабақ өткізіп, оқушылардың қызығушылығын арттырды.
 «Әлемді мейірімділік құтқарады» атты дөңгелек үстелді 8-сыныптарға № 275 орта мектептің өзін-өзі тану пән мұғалімі М.Дыханова өткізсе,  «Жарасымды қарым-қатынас» тақырыбында 9- сыныптарға № 107 орта мектеп өзін-өзі тану пәнінің мұғалімі Б.Айманова тәрбиелік мәні бар тәрбие сағатын өткізіп, жасөспірімдердің ойларында жүрген сұрақтарына жауап бере отырып, еліміздің ертеңі, болашағын өркендететін салауатты да салмақты ұрпақ тәрбиелеу керектігін айтып өтті. 
«Рухани-адамгершілік білім берудегі мұғалімнің рөлі» тақырыбында мұғалім практикумын № 109 орта мектептің өзін-өзі тану пән мұғалімі Г.Бодықова № 269 орта мектеп мұғалімдері арасында өткізіп, мұғалімдердің рухани адамгершілік байлығын арттырды.
№269 орта мектептің өзін-өзі тану пән мұғалімі Медетова Гүлзираның  «Сүйіспеншілікке  толы отбасы» атты ата-анамен жұмысы өте сәтті өтті. ХХ ғасырда отбасын құрған жанұя мен ХХІ ғасырда шаңырақ көтерген жас отбасыларымен «Біздің үй» бағдарламасы бойынша кездесу өткізді. Екі заманда шаңырақ көтерген үлгілі жанұяларды салыстыра отырып, әр жанұяға сұрақтар қойылды. ХХ ғасырдағы жастардың «Жар-жары»мен ХХІ ғасырдағы жастардың шаңырақ көтеру тойлары туралы бейнероликтер көрсетті. Қазіргі таңдағы жас отбасылардағы сүйіспеншіліктің азайып бара жатқанын тілге тиек ете отырып, интернет желісін (ұялы телефон) жанұяда пайдаланудың әсерінен бір-бірімен қарым-қатынастың азайып бара жатқанына тоқталды.    Сонымен қатар көрермендерге де сауалдар қою арқылы  өз пікірлерін сұрады. Отбасылар өз өнерлерін баянда және гитарада ойнап көрсетті.Екі ғасыр ағымындағы отбасыларды салыстыра отырып өткізілген   бағдарлама көрермендердің көңілінен шықты.
«Әлемнің жарығын сыйладың сен маған» атты шығармашылық жұмыс яғни  сурет салу  байқауын Қармақшы аудандық оқушылар үйінің «Балғын суретші» үйірмесінің  жетекшісі Е.Жұмабеков 5-8-сыныптар арасында ұйымдастырып, оқушыларды қыл қалам өнеріне баулыды. Сурет байқауынан соң оқушыларға Қармақшы аудандық білім бөлімінің әдіскері Т.Әбенова Алғыс хаттармен марапаттады. 
№ 269 орта мектептің тәрбие ісі жөніндегі орынбасар Шингисова Шаттықтың ұйымдастыруымен көрсетілгенадам бойындағы5 құндылықты кіріктіре отырып жүргізген «Жалынды жастық шақ» атты концерттік бағдарламасы келген қонақтарды тәнті етті.
«Өзін-өзі тану: Махаббат пен шығармашылық педагогикасы» онкүндігі өттіОнкүндіктің әрбір күні – мейірімділік пен толған мерекеге айналды. Оқушылардың дарындылықтарын, қабілеттерін ашу бағытында шығармашылық байқаулар да қалыс қалмады. Әр баланың бойынан анаға, отбасына, туған жерге, досқа және өмірге деген сүйіспеншілігі мен махаббатын салған суреттері мен аналарына арналған ашық хаттарынан байқауға болады.
Адамгершілік құндылықтың негізінде өзара  түсіністік пен үйлесімділікте өткізілген онкүндік қатысушылардың жүрегіне өшпес із қалдырды.
Пікірлер жоқ. Бірінші болыңыз!

Пікір жазыңыз