«Зың-зың» әнінің авторы туберкулезден көз жұмды – дәрігер

90

0

Шымкенттік дәрігерлер «Зың-зың» әнінің авторы Болат Нұрымовты өкпе құрт ауруынан қайтыс болғанын растады. Бұл туралы облыстық туберкулез диспансерінің бас дәрігері Болат Сағымбеков айтты, деп хабарлайды ҚазАқпарат тілшісі. 
Болат Сағымбековтың сөзінше, Болат Нұрымов осы жылдың маусым айынан бері науқастанып жүрген. Кейіннен Алматыдағы жеке клиникаға қаралған. Сол кезде туберкулез ауруына шалдыққан деген күдік болыпты.  «Жеке клиникадағы дәрігерлер оны Шымкентке жіберген.  Бірақ ол Шымкентке келгенімен дәрігерлерге бармаған. Кейін Ташкентке барып, сол жақта қаралған. Ондағылар тиісті дәрілері мен емделу жолдарын жазып берген. Бірақ жағдайы жақсармаған. Дәрігерлердің жазып бергеніне қарағанда туберкулезге шалдыққанын растамаған. Сөйтіп жүргенде салмақ тастап, жағдайы нашарлап кеткен ғой. Содан мазасы қашқан соң ол Шымкенттегі «Даумед» клиникасына қаралған. Ондағы дәрігерлер рентгенге түсіріп, оны көпсалалы ауруханаға жіберген. 
Аталған ауруханаға әнші өте ауыр жағдайда түскен. Ондағы дәрігерлері көреді да, тиісті сынамалар алған кезде туберкулездің өте ауыр түрі  екенін анықталған. Егер осы диагнозды маусым айында қойып, тиісті ем қабылдағанда ол жазылып кетуші еді. Біздің диспансерге науқас 23-і күні кешкі сағат 8-де түскен. Бір тәуліктен кейін, 24-і  күні кешкі сағат онда қайтыс болды», – дейді Болат Сағымбеков. 
Дәрігердің айтуынша, қазір марқұмның әйелі мен баласы да мекенжайы бойынша емханада тексерілетін болады. Оларды ақ халаттылар бір жылға дейін бақылауға алмақ.  

Пікірлер жоқ. Бірінші болыңыз!

Пікір жазыңыз