Ақжар ауылындағы ауқымды жұмыстар

895

0

Бүгін Қармақшы ауданының әкімі Әділбек Ерсұлтанов Ақжар ауылдық округінде есепті кездесу өткізді. Алдымен осы елді мекендегі күрделі жөндеу жұмысынан өтіп жатқан №28 орта мектептің жұмысымен танысып, мердігерге білім күніне дейін тиянақты бітіруді тапсырды.

Аудан басшысы ауылдық клуб үйінде, ауыл тұрғындарымен кездесуінде, жалпы ауданның макроэкономикалық көрсеткіштерін айта отырып, Ақжар ауылдық округінде атқарылған жұмыстарға да тоқталды. Ақжар ауылы бойынша, №28 орта мектеп күрделі жөндеуден өткізіліп жатса, келер жылға дәрігерлік амбулаторияның құрлысын жүргізу мақұлдануда.

«Ұзақ жылдардағы стратегиялық жоспарларға иек артатын болсақ, дарияны кесіп өткізу арқылы, «Батыс Қытай – Батыс Европа» автодәлізінің бойында жатқан елді мекендерді газдандыру мәселелері қозғала бастады, бұл үшін жобалау құжаттамалары демеушілердің көмегімен жасалуда. Осы құжаттамалар, мемлекеттік сараптамадан өткен жағдайда, аталған ауылдарды газдандыруға мемлекеттен қаржы сұралатын болады» -деді аудан әкімі.

Кездесу соңында, ауыл тұрғындарының талап тілегі бойынша ұсыныстарын тыңдап, жауаптарын берді.

Ауыл ардагерлері өз кезегінде, аудан басшысына алғыстарын білдірді.

Жиын соңында аудан басшысы ауыл тұрғындарына жеке қабылдау өткізді.

 


>>> Біздің Facebook, Instagram парақшаларымыз бен Telegram каналымызға жазылыңыз! <<<