Бүгін құрылысшы күнінде қызылордалықтар үшін 3 нысанның іргетасы қаланды. Сондай-ақ, бірнеше елді мекенге газ тарату желілері орнатылды.
Енді Сыр өңірінде отбасылық өмірге қадам жасаған жастар заманауи үлгідегі неке сарайында отбасы атанады.
![](https://syrboyi.kz/wp-content/uploads/2022/08/neke-sarajy-1.jpg)
Облыс әкімі Нұрлыбек Нәлібаев жас жұбайлардың киелі шаңырағына айналатын «Неке сарайының» Халықаралық жастар күні аясында бой көтеруінің символикалық мәні бар деді.
– Бір қуантарлығы, аймағымызда демографиялық өсім жылдан-жылға жақсарып, шаңырақ көтерген жастардың қатары артып келеді. Биылғы жылдың 6 айында 2276 жұп некеге тұрып, отбасылық өмірге қадам басты.
Президентіміз Қасым-Жомарт Кемелұлы Тоқаев: «Бақытты әрі берік шаңырақ – еліміздің игілігі мен өркендеуінің кепілі. Мықты отбасы – мықты мемлекет» деп отбасы құндылығының маңызды екенін жеткізді.
Келешекте неке сарайында отбасы құндылықтарын дәріптейтін әлеуметтік-мәдени іс-шаралар да тұрақты түрде өткізілетін болады, – деді Нұрлыбек Нәлібаев.
>>> Біздің Facebook, Instagram парақшаларымыз бен Telegram каналымызға жазылыңыз! <<<