Жазғы маусымда қолөнер үйірмесі өтті

1168

0

Жазғы маусымда қалалық ішкі саясат бөлімінің тапсырысы негізінде «SHABYT_KZO» қоғамдық қорымен «Мүгедектігі бар балаларға қолөнер жұмыстарын ұйымдастыру» әлеуметтік жобасы жүзеге асырылды.

Жоба аясында қала бойынша мүгедектігі бар балалардың тізімі жасақталып, 30 балаға қолөнер үйретіліп, шеберлік сағаттары өткізілді. Үйірме барысында балалар күнделікті 2-3 сағат қолөнердің әр түрлі түрімен айналысты.

Балалардың қолынан шыққан дүниелерінен көрмелер ұйымдастырылып, жоба соңында байқау өткізілді. Жеңімпаз балаларға сертификаттар мен бағалы сыйлықтар табысталды.

 


>>> Біздің Facebook, Instagram парақшаларымыз бен Telegram каналымызға жазылыңыз! <<<