Жедел жәрдем қызметінiң жұмысымен танысты

821

0

ҚР Денсаулық сақтау министрі Ажар Ғиният облыстық денсаулық сақтау басқармасының басшысы облыс әкімінің орынбасары Нұрымбет Сақтағанов және облыстық денсаулық сақтау басқармасының басшысы Сабит Пазиловпен бiрге облыстық медициналық жедел жәрдем стансасына халыққа шұғыл жағдайдағы медициналық көмек сапасын бақылау танысу мақсатында барды.

Онда облыстық жедел жәрдем стансасының бас дәрігерi Алмат Құрманғали 2021-2022 жж 8 айлық көрсеткіштерін салыстырмалы түрде таныстырумен қатар, 2017 жылдың 1 қаңтарынан бастап облыстың аудандары ауруханаларының медициналық жедел жәрдем бөлімшелері біріктіріліп қосылғандығын және қазіргі таңда аудан бөлім меңгерушілерінің стандартқа сай толыққанды медициналық көмек көрсетіп жатқандығын баяндады.

Облыстық медициналық жедел жәрдем бойынша медициналық көмек сапасын бағалау индикаторының көрсеткіштерін талдай отырып, республикалық көрсеткіштен жақсы екендігін атап өтті. 

Кешігіп орындалған шақырыстар былтырғы жылдың 8 айымен салыстырғанда 2,1%-дан 1,7%-ға азайды. 

Нәтижелі реанимация көрсеткіштері 2021 жылы 12 (60%), 2022 жылы 14 (63,6%). Республикалық көрсеткіш – 40,0%. ФЛТ, яғни жедел коронарлы синдром науқастары бойынша тромболикалық терапия көрсеткіші 2021 жылдың 8 айында 39 (100%) жағдайда жасалса, 2022 жылы 30 (100%) жасалды.

Денсаулық сақтау министрі жедел жәрдем қызметінің жұмысын қортындылай келе, қызметкерлердің тек шұғыл жағдайларда емес басқа да нозологиялар бойынша білім деңгейлерін көтеріп отыруды тапсырды.

Сондай-ақ, ауылдық елді-мекендерге шұғыл медициналық көмек қолжетімділігін қолға алу ұсынылып, қазіргі таңда «Жедел медициналық жәрдем, оның ішінде медициналық авиацияны тарта отырып көрсету қағидаларын бекіту туралы» №225 бұйрықтың қайта қаралуда екенін атап өтті.

 


>>> Біздің Facebook, Instagram парақшаларымыз бен Telegram каналымызға жазылыңыз! <<<