Республика күнінде мамандар марапатталды

324

0

Биыл Қазақстан Республикасы Президенті Қасым-Жомарт Тоқаевтың Жарлығымен Республика күні Ұлттық мереке болып мемлекеттік мерекелер тізіміне қайта енді. Осыған орай «Азаматтарға арналған үкімет» мемлекеттік корпорациясы» КЕАҚ Қызылорда облысы бойынша филиалы айтулы мерекені атап өтті. Алдымен ХҚО мамандары қызмет алушыларға «Қазақстан» шоколодын ұсынып, көтеріңкі көңіл сыйлады. Сыйлық ұсына отыра оларға Республика күні мерекесінің маңыздылығын да айтып өтті.

Мұнан соң арнайы мерекелік шара ұйымдастырылып, бірнеше филиал қызметкері марапат мінберінен көрінді. Шарада сөз алған филиал директоры Аида Абибуллаева Республика күнінің қазақстандықтар үшін маңызы зор екендігін атап өтті.

– Қазақстандықтар үшін Республика мен Тәуелсіздік, Егемендік ұғымдарының мазмұны терең, бағасы қымбат. Қазақстан Тәуелсіздік алған жылдан бері осы күнге дейін өзінің Ата Заңын, рәміздерін жариялап, өзге елдермен терезесі теңесті. Қай мемлекетпен болса да тең дәрежеде дипломатиялық қарым-қатынас орната алады. Бұл біздің республикамыздың даңғыл жолда дамып келе жатқанының айқын көрнісі. Ұлттық мерекеде еліме тыныштық, әр отбасыға амандық тілеймін, – деді Аида Абибуллаева.

Салтанатты жиында филиал директоры Аида Ибрагимқызы бірнеше қызметкерге облыс және қала әкімдерінің, «Азаматтарға арналған үкімет» мемлекеттік корпорациясының» басқарма төрағасының және «Қызмет» Мемлекеттік, банк мекемелері және қоғамдық қызмет көрсету қызметкерлерінің Салалық кәсіподағының төрағасының алғыс хаттарын табыс етті.

Шара соңы концерттік бағдарламаға ұласып, жиынға қатысушылар естелік суретке түсіп тарасты.

 


>>> Біздің Facebook, Instagram парақшаларымыз бен Telegram каналымызға жазылыңыз! <<<