Көңіл айту жеделхаттарын жолдады

434

0

Мемлекет басшысы Қасым-Жомарт Тоқаев Үндістан Премьер-министрі Нарендра Модиге  Үндістанның Гуджарат штатында болған қайғылы оқиға салдарынан көптеген адамның қаза табуына байланысты көңіл айтты.

– Үндістанның Гуджарат штатында жаяу жүргінші көпірінің құлауы салдарынан көптеген адамның қаза тапқаны және жарақат алғаны  туралы суыт хабарды терең күйзеліспен қабылдадым. Осы қайғылы оқиғаға байланысты Үндістан халқына  және үкіметіне  көңіл айтамын. Сондай-ақ жақындарынан айырылған отбасылардың қайғысына ортақтасып, зардап шеккендердің тезірек сауығып кетуіне тілектестік білдіремін, – деп жазылған жеделхатта.

***

Қазақстан Президенті Қасым-Жомарт Тоқаев Корея Республикасының Президенті Юн Сок Ëльге Сеулде болған қайғылы оқиға салдарынан көптеген адамның қаза табуына байланысты көңіл айтты.

– Сеул қаласының Итэвон ауданында көптеген адамның қаза тапқаны жөніндегі суыт хабарды терең күйзеліспен қабылдадым. Қазақстан халқының және жеке өзімнің атымнан қайтыс болғандардың жақындары мен туыстарының қайғыларына ортақтасып, көңіл айтамын. Ал жарақат алғандардың тезірек сауығып кетуіне тілектестік білдіремін. Осындай ауыр сәтте еліміздің азаматтары және өзім Корея халқының орны толмас қайғысын бөлісіп, олармен бірге екенімізді айтқым келеді, – деп жазылған жеделхатта.

 


>>> Біздің Facebook, Instagram парақшаларымыз бен Telegram каналымызға жазылыңыз! <<<