Облыс әкімі министрмен кездесті

559

0

Облыс әкімі Нұрлыбек Нәлібаев Сыр өңіріне жұмыс сапарымен келген ҚР Төтенше жағдайлар министрі, генерал-лейтенант Юрий Ильинмен кездесті.

Басқосуда өңірге қатысты бірлескен жұмыстар талқыланды. Оның ішінде Сырдария өзенінде қорғаныс бөгеттерін салу және қалпына келтіру, өрт сөндіру бекеттерін орнату, құтқару жабдықтары мен арнайы техника сатып алу мәселелерін пысықтады. Бұл бағыттарда қаржыландыру тетіктерін қарастыру арқылы жұмысты үйлестіру барысы сөз болды.

Айта кетейік, министр жұмыс сапары барысында бірқатар нысандарды аралап, халықпен кездесулер өткізіп, тұрғындардың сауалына жауап берді.

      Облыс әкімінің баспасөз қызметі

 


>>> Біздің Facebook, Instagram парақшаларымыз бен Telegram каналымызға жазылыңыз! <<<