Ел ертеңі үшін

473

0

Қызылорда қаласындағы «Саяхат» ықшам ауданының тұрғындары №348 сайлау учаскесіне келіп, ел болашағы үшін өз таңдауын жасап жатыр.Таңнан бері 500-ден аса адам дауыс берді. Алғашқы келушілердің қатарында 90 жасқа келген Битімбек Пазлиев те бар.

– Азаматтар үшін қабылданатын әрбір шешім маңызды. Еліміздің ертеңі үшін, ұрпағымыздың жақсы өмір сүруі үшін, жұртымыз тыныштығы үшін таңдауымды жасадым. Ел еңсе тіктеп, егемендігіне қол жеткізгелі көп нәрсе өзгерді. Шүкір, содан бері зейнетақымыз жыл сайын өсіп келеді, әлеуметтік тұрғыда әртүрлі өзгерістер жасалып жатыр. Елдің кемел келешегі үшін осындай реформалар жасала бергей. Біз бақытты заманда өмір сүріп жатырмыз, осыны бағалай білуіміз қажет. Елмен бірге екенімді білдіріп, болашақ үшін өз таңдауымды жасадым, — дейді қария.

Таңмен таласа келіп дауыс берген қарияның иығына шапан жауып, сағат тарту етілді. Ал Битімбек ата ел болашағына әсер ететін тарихи сәтте дұрыс таңдау жасалатынан сенім білдіріп, ақ батасын берді.

Айта кетейік, тұрғындарға қуаныш сыйлау үшін барлық дауыс беру учаскелерінде көңілді әуен шырқалды. «Саяхат» тұрғындарының ішінде үлкен жастағы сайлаушылардың үлес салмағы жастар мен орта жастағы кісілерге қарағанда әзірге басым болып тұр.

 


>>> Біздің Facebook, Instagram парақшаларымыз бен Telegram каналымызға жазылыңыз! <<<