Роза Бағланова атында вокал үйірмесі ашылды

418

0

М.Ералиева мәдениет үйінен КСРО және Қазақстанның халық әртісі, Халық Қаһарманы, әнші Роза Бағланова атындағы вокал үйірмесі ашылды. Роза Тәжібайқызы Ұлт мақтанышы, тұтас бір дәуірдің ұлттық символына айналды. талантты өнер иесінің өшпес ізін өскелең ұрпаққа үлгі ету парыз. Салтанатты ашылу рәсіміне қала әкімінің орынбасары Ақзира Қасымова, Алашқа белгілі айтыскер ақын Серік Ыдырысов, Н.Бекежанов атындағы қазақ академиялық музыкалық драма театрының директоры Мұхтар Ниязов, Қазанғап атындағы Қызылорда музыкалық жоғары колледжінің директоры Ұлжан Байбосынова  және көптеген өнер майталмандары қатысты.

Іс-шарада көрнекті әншінің өмірі мен шығармашылық қызметі туралы деректер айтылды. Ерек талантымен, әсем әуенімен туған халқын, қала берді жарты әлемді тамсандырған дала сандуғашы − Роза Тәжібайқызы.

Облысымыздың барлық аудандарында Роза Бағланованың әндерін нақышына келтіріп орындайтын талантты балалар өсіп келеді.  Роза Тәжібайқызын ұлықтау шарасы А.Тоқмағамбетов мәдениет үйінде “Ақмаңдайлым” облыстық әншілер конкурсымен жалғасты. Онда жас өнерпаздар көрерменді әншінің әсем әуендеріне елітті.

 


>>> Біздің Facebook, Instagram парақшаларымыз бен Telegram каналымызға жазылыңыз! <<<