Мектеп оқушысы бұрыш баллонын шашқан

808

0

Мектепте оқушысы абайсызда бұрыш баллонын шашқан. Зардап шеккендер жоқ.

22 қараша күні Қызылорда қаласы ПБ «102» арнасына қала аумағында орналасқан мектептердің бірінде «белгісіз затпен улану» дерегі тіркеліп, оқиға орнына жедел – тергеу тобы жіберілді.

Дер кезінде оқушылар мен мұғалімдер эвакуацияланды. Оқиға орнында полиция қызметкерлері, медицина қызметкерлері өз жұмыстарын атқарды. Зардап шеккендер жоқ.

Тексеру барысында аталған мектептің оқушысы бұрыш баллонын ойнап тұрып сеуіп алғандығы анықталды.

Аталған дерек бойынша ҚР ҚК – нің 140 бабының 2 – бөлігімен сотқа дейінгі тергеп – тексеру әрекеттері жүргізілуде.

 


>>> Біздің Facebook, Instagram парақшаларымыз бен Telegram каналымызға жазылыңыз! <<<