Әр сөзінде халық ахуалын артуы туралы айтты

445

0

Президент Қасым-Жомарт Тоқаев сайлауда жеңіске жетіп, міне, халық алдында ант берді.

Инауграциядағы сөзінде Президент ең алдымен қол қоятын жарлықтарымның бірі ауыл жайын көтеру мәселесі болады деді. Бұл – елдің ең өзекті мәселесі.

– Бүгінде Қазақстан халқының 40 пайызға жуығы ауылда тұрады. «Ауыл – ел бесігі» деп халқымыз бекер айтқан жоқ. Сондықтан ауылдағы жағдайды жақсарта алмасақ – бәрімізге сын. Сол үшін мен бүгін ауылды дамыту мәселесі туралы Жарлыққа қол қоямын. Осы құжат арқылы Үкіметке ауылды дамытудың 5 жылға арналған нақты жоспарын әзірлеуді тапсырамын. Бұл менің жаңа президенттік мерзімдегі бірінші Жарлығым болады. Үкімет ауылды дамытуға арналған барлық жобаны жүйелі түрде реттеп, жинақтауға тиіс. Содан кейін мақсатты түрде тиімді жұмыс жүргіземіз, – деді Президент өз сөзінде.

«Гүлденсе ауыл – гүлденеміз бәріміз» деген сөз бар емес пе? Демек, біздің алтын қорымыз – мал, егін шаруашылығындағы түйткілді мәселелерге мемлекет барынша қолдау танытатын болады.

Сонымен бірге Президент сыртқа кеткен капиталдарды қайтару жөнінде ауқымды жұмыстар жүргізілетінін нақты атады.

Халқыма берген антымды соңғы күш-жігерім қалғанша орындауға жұмыс жасаймын деді.

Әділетті Қазақстан құру жолындағы бетбұрысқа көшетін кезіміздің келгенін, сол жолда қоғамның ынталылығын арттыруға күш салатынын айтты.

Халық бұл жолдың дұрыстығына сенеді және Президент саясатымен бірге болады деп білемін.

Серік ДҮЙСЕНБАЕВ,

облыстық ардагерлер кеңесінің төрағасы.

 


>>> Біздің Facebook, Instagram парақшаларымыз бен Telegram каналымызға жазылыңыз! <<<