Жазушы еңбегі насихатталды

381

0

Ә.Тәжібаев атындағы облыстық әмбебап ғылыми кітапханада Қазақстан Жазушылар одағының мүшесі, Халықаралық «Алаш» сыйлығының лауреаты, жазушы Молдахмет Қаназдың 80 жылдығына орай, өскелең ұрпаққа өмір жолы мен шығармашылығын насихаттау мақсатында «Алаш азаматы» атты әдеби кеш ұйымдастырылды.

Оған  Қорқыт ата атындағы Қызылорда университетінің профессор-оқытушылары, саяси ғылымдар докторы, профессор Ә.Бәкір, экономика ғылымдарының кандидаты, профессор  Қ.Құдайбергенов, «Парасат» орденінің иегері, эколог-жазушы С.Жұбатырұлы, философия ғылымдарының докторы, профессор Баймырза Қожамберлиев және М.Ықсанов атындағы колледж студенттері мен оқытушылары қатысты.

Кеш қонақтары Молдахмет Қаназдың  ағартушылық қызметі жайлы және көп жылдар бойы «Жалын» баспасының редакторы, редакция меңгерушісі, 1992 жылдан «Денсаулық» журналының бас редакторы қызметін атқарғанын, кейбір шығармаларының грузин, орыс, өзбек тілдеріне аударылғанын және болгар жазушысы Е.Пелиннің, орыс жазушысы В.Карповтың, И.Мелеевтің шығармаларын қазақ тіліне аударғанын атап көрсетті.

Сондай-ақ жазушының қарапайымдылық қасиеті, еңбекқорлығы сөз болды.

«СБ» ақпарат

 


>>> Біздің Facebook, Instagram парақшаларымыз бен Telegram каналымызға жазылыңыз! <<<