Білімді ұстаздар бақ сынады

715

0

Сырдария аудандық кәсіподақ комитеті мен аудандық, білім бөлімінін әдістемелік кабинетінің ұйымдастыруымен №130 орта мектеп базасында аудан көлемінде шығармашылық, пен жұмыс жасайтын ұстаздардың «Тәжірибе алаңы өтті.

Тәжірибе алаңының максаты – шығармашылықпен жұмыс жасайтын мұғалімдердің кәсіби құзіреттілігін арттыру., мұғалімдердің үздік тәжірибесін анықтау.

Алаңға аудандық білім бөлімінің әдіскерлері мен кәсіподақ комитетінің қызметкері және аудан мектептері бойынша 55-ге жуық ұстаздар қатысты.

Бағдарлама бойынша идеялар аукционы өтті. Онда «Оқыту әдістемесін жетілдіру жолдары» тақырыбында командалар ішінен мұғалімдер өзара ой белісіп, өздерінің ізденістері мен идеяларын ортаға салды. Нәтижесінде І орынмен №137 орта мектептің ағылшын тілі пәні мұғалімі Жақанова Меруерт, ІІ орынмен №132 орта мектептің ағылшын тілі пәні мұғалімі Маратова Венера, III орынмен №210 орта мектептің математика пәні мұғалімі Аманбеков Заманбек жеңіп алды.
Жұмыстың келесі бағытында «Брейн-ринг-2022» командалық сайысы өткізілді. Сайыс барысында командаларға логикалык, сұрақтар қойылып, нәтижесінде ой ұшқырлығымен №132, 126 мектеп командалары I орынды, №44, 129 мектеп командалары II орынды иеленді. Ал ІІІ орынмен №139, 130, 36, 131 мектеп командалары марапатталды.

Сонымен қатар «Алтын көмбе» танымдық ойыны ұйымдастырылып, ойын барысында өздерінің терең білімдерімен сұрақтарға толық жауап берген №36 мектеп-лицейі мен №130 орта мектеп командалары «Алтын көмбеге» қол жеткізді.
Тәжірибе алаңының шара соңында белсене қатысқан шығармашыл ұстаздарымызға алғыс хаттар табысталды.

 


>>> Біздің Facebook, Instagram парақшаларымыз бен Telegram каналымызға жазылыңыз! <<<