Дебат турнирі өтті

1612

0

«Дарын» облыстық қосымша білім беру орталығы «125 HIGH shcool Qyzylorda» мектебімен бірлескен «Елбасы медалі» жобасының қатысушылары арасында «Жетістіктің бес бағытын бағындырған жастар» тақырыбында 2022 жылдың 8 желтоқсанында «125 Qyzylorda» мектебі базасында қазақ және ағылшын тілінде, американдық парламенттік форматында дебат турнирін өткізді.

Турнирдің мақсаты – оқушылардың патриоттық, ұлтжандылық қасиеттерге, тарихи құндылықтарға деген ойларын қозғау. Сөз шеберлігін, өз пікірін анық айтып, дәлелдеме келтіру қабілеттерін дамыту.

 «Елбасы медалі» жобасына қатысушылар арасында достық, ынтымақтастық қарым-қатынасын орнату.

Дебатқа 8 фракция қатысса, оның үшеуі қазақ тіліндегі, бес фракция ағылшын тіліндегі қатысушылар болды. Ойын барысында оза шапқандар айқындалып, «Дарын» қосымша білім беру орталығының «Алғыс хатымен», арнайы номинациялармен марапатталды.

Нәтижесінде, «Ең үздік фракция» «125» фракциясы, «Үздік фракция» «Полиглот» фракциясы деп танылса, «Ең білімді ойыншы» Инабат Әбдіқадырова, «Ең үздік спикер» Аружан Өтеген, «Үздік бас төреші» Ердаулет Төлебай болды.

Ойын соңында қатысушылар өзара тәжірибе алмасып, жоба туралы ойларымен бөлісіп, ұйымдастырушыларға алғыс білдірді.

 


>>> Біздің Facebook, Instagram парақшаларымыз бен Telegram каналымызға жазылыңыз! <<<