Сырдарияда «Өрлеу» жастар сыйлығы табысталды

644

0

Бүгін Сырдария аудандық мәдениет үйінде жастар ресурстық орталығының ұйымдастыруымен, аудан әкімі Мұрат Нәлхожаұлының қатысуымен «Жетістікке жетелейтін – Жаңа Қазақстан» атты аудан жастарының дәстүрлі ХIV форумы өтті.

Аудандық мәдениет үйі жанынан құрылған жастар театрының «Волонтер» қойылымы көрсетіліп, «Біз біргеміз» әні шырқалды.

Форумда аудан әкімі Мұрат Ергешбаев Тәуелсіздік күнімен құттықтап, ауданымызда мемлекеттік жастар саясатын жүзеге асыруда, жан –жақты дамытуға елеулі еңбек етіп, қоғамдық жұмыстарға белсене қатысып жүрген жастарды ҚР Президенті Қ.Тоқаевтың, Республикалық қоғамдық штаб жетекшісі Е.Қошановтың және облыс әкімінің орынбасары Н.Сақтағановтың Алғыс хатымен марапаттады.

Сонымен қатар мемлекеттік жастар саясатын жүзеге асыруда айрықша жетістіктерге жеткен, елеулі еңбек етіп, аудан көлемінде жастар саясатын жан–жақты дамытуға үлес қосып жүрген ауданның 10 жасқа аудан әкімінің «Өрлеу» жастар сыйлығы мен статуетка және 100 000 теңге қаржылай сертификаты табысталды.

«Айдарлы» жастар бригадасының бригадирі Зейнолла Жүсіповке аудан әкімінің арнайы «Ынта» сыйлығы мен 100 000 теңге қаржылай сертификаты берілді.

Форум қонағы облыстық жастар ресурстық орталығы директоры Т.Тілес аудандағы бірқатар белсенді жастарды марапаттап, одан ері де жемісті еңбек етуге шақырды.

Іс-шара аясында «Білім ордасындағы жас ғалымдардың рөлі» атты жас ғалымдар көрмесі ұйымдастырылды.

Алдағы жылы жастар бригадаларының жұмыстарын күшейту мақсатында А.Тоқмағамбетов және Аманкелді ауылдық округтерінің ауыл әкімдері мен шаруа қожалығы арасындағы екі жақты меморандумға қол қою рәсімі өтті.

Форум үздік жастардың қатысуымен патриоттық акцияға ұласты. Акция барысында жекпе-жек чемпионы Бейбітжан Қобланов сөз алып, аудан жастарына үндеу жасады.

Аудан әкімімен естелік суретке түсті.

 


>>> Біздің Facebook, Instagram парақшаларымыз бен Telegram каналымызға жазылыңыз! <<<