Компьютерлік курсқа қатысып жүр

652

0

Облыстық жұмыспен қамтуды үйлестіру және әлеуметтік бағдарламалар басқармасының мемлекеттік әлеуметтік тапсырысы негізінде мүгедектігі бар адамдар арасында компьютерлік сауаттылық курсы өтті.

Курс мақсаты −мүгедектігі бар адамдарға заманауи ақпараттық технологиялар мен интернеттің көмегін пайдалану арқылы aleumet.egov.kz, egov.kz порталдарында жұмыс істеуді үйрету.

Жоба облыстық жұмыспен қамтуды үйлестіру және әлеуметтік бағдарламалар басқармасының мемлекеттік әлеуметтік тапсырысы негізінде «Қызылорда облыстық мүгедектер қоғамы» Қоғамдық бірлестігінің ұйымдастыруымен Қызылорда қаласы, Торайғыров, 115-ші ғимаратында мүгедектігі бар адамдар үшін ТЕГІН компьютерлік сауаттылық курсы 2022 жылдың қыркүйек айынан бері  ай сайын тұрақты түрде жалғасып келеді. Жыл сонына дейін 150-ден аса мүгедектігі бар адамдарға осы курсты оқығандығы жөнінде сертификаттар табысталды.

− Компьютерлік сауаттылық кез-келген адам үшін өте маңызды. Адамның компьютерлік сауаттылық деңгейі қазіргі қоғамның сауаттылығы мен бәсекеге қабілеттілігі деп есептеуге болады. Компьютерлік технологияны үйренбейтін немесе оны қолданудан бас тартатын адамдар көп нәрсені жоғалтады.Компьютерлік курста мүгедектігі бар адамдар өздеріне ең маңызды нәрсені, атап айтқанда, компьютер құрылғысын жалпы қолдануды, электронды поштаны құру және пайдалануды, www.egov.kz «электрондық үкіметтің» веб-порталы арқылы қызмет түрлеріне өтініш беруді, Әлеуметтік қызметтер порталында техникалық оңалту құралдары мен қызметтеріне тапсырыс беруді, Темір жол және Авиа билеттеріне онлайн тапсырыс беруді үйренді, − дейді Сағатбек Қуанышбайұлы.

 


>>> Біздің Facebook, Instagram парақшаларымыз бен Telegram каналымызға жазылыңыз! <<<