Жас шаңғышылар жарысты

522

0

Фото: ашық дереккөз

Жексенбі күні елорданың орталық саябағында шаңғыдан балалар жарысы өтті, деп хабарлайды ҚазАқпарат.

Балалар жарысы Дүниежүзілік қар күніне орайластырылған.

– Балалар фестивалі халықаралық шаңғы федерациясының қолдауымен өтті. Ол Қазақстан астанасында 2012 жылдан өткізіліп келеді. Жыл сайын жарысқа 2 жастан 18 жасқа дейінгі 250-ден астам жас шаңғышы қатысты, – деді қалалық Спорт басқармасының баспасөз хатшысы Мадина Айтқалиева.

Жеңімпаздар мен жүлдегерлер жас топтарына қарай жеке нәтижелер бойынша анықталып, тиісті дәрежелі сыйлықтармен және дипломдармен марапатталды.

Триумфаторлар мына санаттарда анықталды: балалар спринті (толық мәре бойынша), жаппай старт (барлық жарыстардың толық мәресі бойынша), тек үздіктерді анықтау (барлық жарыстардың толық мәресі бойынша).

 


>>> Біздің Facebook, Instagram парақшаларымыз бен Telegram каналымызға жазылыңыз! <<<