Трансферттерді игеру: Қызылорда үздік

520

0

Әкімдіктердің мақсатты трансферттерді игеру рейтингі шықты. 2022 жылы қай әкімдік қандай нәтиже көрсетті?
ҚР қалалары мен облыс­тарының әкімдіктеріне әлеу­меттік маңызы бар қолдау және даму бағдарламаларын іске асыруға республикалық бюджеттен тұрақты түрде нысаналы трансферттер бөлінеді. Дағдарыс кезінде бұл мақсатты трансферттер өте маңызды. Алайда, ресми статистика көр­сеткендей, жергілікті ат­қарушы органдар берілген қаражатты толық игермеген.
Мәселен, 2022 жылдың қаңтар-қараша айларында елі­міздің қалалары мен облыс­тарының әкімдіктеріне 2,9 триллион теңге мақсатты трансферттер бөлініп, бар­лық қаражаттың 92,5 па­йызы ғана орындалды. Орын­­далмаған сома 220,6 мил­лиард теңгені құрады, бұл – қазақ­стандықтардың өмі­рін жақ­сартуға бағытталған айтар­лықтай қо­мақты қаржы. Оның 15,8 миллиард теңгесі ғана үнемделген қаржы болса, 204,8 миллиард теңге – иге­рілмей қалған сома. Бұл қаражат қалалар мен облыс­тарға пайдасын тигізуі мүмкін еді.
Пайыздық көрсеткішке қарағанда, республика өңір­лері арасында мақсатты тран­с­ферт­терді игеру бойынша көш­басшылар Қызылорда және Қостанай облыстары болды: тиісінше 99,2 және 99 пайыз. Үздік үштікке республикалық маңызы бар Шымкент қаласы да енді, орындалуы – 98,6%.
Еліміздің бас қаласы Астана рейтингтің соңында, мұнда мақсатты транс­ферттердің орын­далуы небәрі 68%-ды құ­рады. Орындалмаған сома 61,2 млрд теңгеге жетті, оның 879,4 млн теңгесі үнемдеу болса, 60,3 млрд теңгесі қара­жаттың игерілмеуінен құ­ралған.
Төмен көрсеткіш Маң­ғыстау және Батыс Қазақстан облыстарына тән. Олардың көрсеткіші сәйкесінше 83,7% және 84,2% құрады.

Аударған: Шынар БЕКБАН,

«Сыр бойы».

Ranking.kz

 


>>> Біздің Facebook, Instagram парақшаларымыз бен Telegram каналымызға жазылыңыз! <<<