Жауынгер ардагерлерге құрмет көрсетілді

628

0

Бүгін Қармақшы ауданы әкімінің орынбасары Жұлдызхан Байназарұлы Германиядағы Кеңес әскерінің тобы мен Варшава келісімі бойынша әскери қызметін өтеген жауынгер ардагерлерді қабылдады.

Кездесуге «Германиядағы Кеңес әскерінің тобы мен Варшава Келісім шарты әскерінің тобы» ардагерлері» республикалық қоғамдық бірлестігінің төрағасы Бақыт Тастанов, облыстық филилал төрағасы Алтынсары Шуренов, қалалық филиал төрағасы Марат Оспанов және аудандық ардагерлер кеңесінің төрағасы Асқар Мереков пен «Невада-Семей», «Чернобыль», «Тәжік-Ауған соғысы» ардагерлері кеңестерінің жетекшілері қатысты.

Жиында республикалық қоғамдық бірлестіктің төрағасы Бақыт Сабденұлы сөз алып, бірлестіктің мақсат-міндеттерімен таныстырып, алдағы жоспарларымен бөлісті. Сондай-ақ, қалалық филиал төрағасымен бірге Қазақстандағы жалғыз Вьетнам соғысының ардагері Иса Бисеновке «Алғыс хат» пен арнайы төсбелгі табыстап, қазақы дәстүрмен иығына шапан жауып, құрмет көрсетті.

Сонымен қатар, жиын барысында аудан әкімінің орынбасары және облыстық, қалалық филиал төрағалары Германиядағы Кеңес әскерінің тобы мен Варшава келісімі бойынша әскери қызметін өтеген бірқатар қармақшылық жауынгер ардагерлерге қоғамдық бірлестіктің куәлігі мен арнайы төсбелгілерін табыстады.

Аудан әкімінің орынбасары Ж.Ерқосаев жиынды қорытындылай келе, от пен оқтың астында арпалысып жүріп, ұрпаққа бүгінгідей бейбіт өмір сыйлаған майдангерлерімізді қалай қошеметтесек те артық емес екендігін жеткізіп, қоғамдық бірлестік жұмысына табыс тілеп, алдағы уақытта бірлесіп жұмыс жасайтынына сенім білдірді.

 


>>> Біздің Facebook, Instagram парақшаларымыз бен Telegram каналымызға жазылыңыз! <<<