Тәжірибе алмасу алаңы

530

0

Тәжірибе алаңының бағдарламасында үш күн бойы түрлі бағыттар бойынша өткізілетін шеберлік сыныптары, кәсіби байқау, ғылыми-тәжірибелік конференция, танымдық ойындар, тренингтер, сауық кештері және т.б. іс-шаралар жоспарланған.

Шығармашылмұғалімдердің басын қосқан алаңның 1-ші күні шеберлік сыныптармен басталды.«Өрлеу» Қызылорда облысы бойынша филиалының тренерлері Жанар Жубауова «STEM тәсілі 5Е циклы негізінде», Ұлтай Ешимова «Нәтижеге бағытталған топтық жұмысты басқару», Оразбай Орманов «Заманауи білім беру жағдайында кәсіби бағдар беруді ұйымдастыру» тақырыптарында алаң қатысушыларын үш топқа бөліп, шеберлік сыныптарын өткізді.

Шебер сынып барысында қатысушылар оқытудың жаңа тәсілі – STEM білім беру, пәндерді оқыту үдерісіне 5Е циклын енгізу ерекшеліктерін меңгерді. Яғни, пән аясында оқытылатын тақырып бойынша 5 циклдың кезеңдері: еліктіру, зерттеу, түсіндіру, толықтыру және бағалауды қалай тиімді жоспарлауға болатынын көрсетті.Тренинг барысында қатысушыларға тапсырма беріліп, қарапайым әдістер арқылы жасалатын қағаз тікұшақтар құрастырылды.

«Нәтижеге бағытталған топтық жұмысты басқару» тақырыбындағы шебер сынып барысында бірлескен оқу ортасын құруда топтық жұмысты құрылымдау, оқушыларды белсенді әрекетке тарту әдістерін игерді. Барлық оқушыларды оқу мақсатына жеткізуге арналған тәжірибелік тапсырма орындалды.

Сонымен бірге, білім алушыларға кәсіби бағдар беруді ұйымдастыруда жұмсақ (soft skills) және қатаң (hard skills)дағдыларды пайдалану, кеңес беру технологиясы, мамандық аукционы туралы талқылау, талдау жүргізілді.

Алаң барысында Тәжірибе алаңының «трендіне» айналған «Алтын көмбе» ойыны жалғасын тапты.Сайыс барысында командалар әртүрлі тақырыптардағы логикалық сұрақтарға жауап беріп, нәтижесінде Жаңақорған ауданының командасы жүлделі 1-орынды иеленді. Сонымен қатар «Ауыл кеші көңілді» өнер кешіне қалалық және аудандық білім бөлімдерінің командалары белсене қатысты. Сазды әуен, билерімен, әзіл-шыны аралас көріністеріменөз өнерлерін ортаға салып, кеш қонақтарына көтеріңкі көңіл күй сыйлады.

Ұйымдастырушылар алаңның алғашқы күні өткізілген іс-шараларға сараптамалық талдау жасап, қорытындылады.

Серік Құсейінов,

«Өрлеу» Қызылорда облысы бойынша

филиалының аға оқытушысы

 


>>> Біздің Facebook, Instagram парақшаларымыз бен Telegram каналымызға жазылыңыз! <<<