Жалағаштың әкімі қарттармен жүздесті

468

0

Жалағаш ауданында Бұқарбай батыр ауылдық мәдениет үйінде аудан әкімі Асқарбек Есжанов қарттарға арналған іс-шараға арнайы қатысты. «Ардагер аталарымыз тағдырлы кезеңде дүние есігін ашты. Әке-ата соғыста, ауылдағы барлық тірліктің басында жүрген ананың алақанында өсті. Бала болып жылаған шығар, бірақ бала болып күлген жоқ. Өз дәуірінің талай сынынан сынбай өткен ардагер аталарымыз тәуелсіз еліміздің де болашағына бей-жай қарай алмады. Бүгін сіздерге қандай құрмет, қандай мақтау айтсақ та артық емес» деп сый-құрмет көрсеткен.

Гүлбану МАҚАЖАН,

«Сыр бойы»

 


>>> Біздің Facebook, Instagram парақшаларымыз бен Telegram каналымызға жазылыңыз! <<<