«Жоқ!» деп айтуды үйрен

880

0

«Нашақор!»- деген аттың өзі қандай жиркенішті еді. Өмір – адамға бір-ақ рет беріледі. Біз осы өмірде уақытша жүрген жолаушымыз, осы өмірді түсінбейтін, ойланбайтын жандар көп.

Тірлікте кездескен қиыншылықпен күресудің орнына,есірткі заттарын пайдаланып,ішімдік ішіп,темекі шегіп келешекте өміріне балта шауып жатқаны қаншама. Нашақорлыққа салынған жастарымыздың аяқ-қолы, он екі мүшесі сау екеніне қанағат тұтпайды-ау! Өмірдің өзі күрестен тұрады емес пе?!

Отбасыңның жылуына күйіп, жігерлі төзімді болсаң бәрінде жеңесің. Есірткі – адамның тәні мен жанын тоздырып қана қоймай ақылы мен рухани қазынасын жояды. Замандастарымды, достарымды есірткіден аулақ болып, салауатты өмір салтын ұстанып, бос уақыттарын тиімді пайдаланып өткізуге шақырамын. Есіңде болсын сен өмірге бір- ақ рет келесің! Қалтасы мен қара басын ойлайтын ақымақ қана есіркіні пайдаланады.

Адам өмірінің, денсаулығының қымбат екенін, жаман қылықтардан бойын аулақ ұстау керектігін, мұнымен күрес бағытында облыс, қала көлемінде мамандар айтып, ескертіп, видеороликтер көрсетіліп жүр. Нәтиже бар.

Жастар арасында кездесетін өзіне-өзі қол жұмсау, тонау, алаяқтық пәтер тонау т.б осы есірткімен, арақ ішкеннен болатыны анық.

Қоғам алдындағы жауапкершілікті ескеріп, өзіміздің тура жолымыздан таймай, есірткінің елесімен өзге ағымдарға ермей, отбасымыздан безінбей есімізді жинайық!

Жаhандану кезеңінде еліміздің тіршілігімен бірге қайнасып, заманнан қалмай білімді, саналы, талай- талай жаңалықтар ашып, еліміздің абыройын асырып, білімді жастар болайық! Есірткіге «жоқ!» деп айтудан шаршамайық.

Берік Алтынай,
М.Мәметова атындағы Қызылорда педагогикалық жоғары колледжі

 


>>> Біздің Facebook, Instagram парақшаларымыз бен Telegram каналымызға жазылыңыз! <<<