Арнайы түзету мектеп-интернатындағы семинар-практикум

372

0

Ерекше білім беру қaжеттіліктері бар балаларды сапалы біліммен қамту – қазіргі уақытта өзекті мәселелердің бірі. Соңғы жылдары елімізде арнаулы білім жүйесінде ерекше білім беру қaжеттіліктері бар балалардың білім алуға қолжетімділігін кеңейтуге оң өзгерістер жасалуда.

19 қаңтарда «Өрлеу» Қызылорда облысы бойынша филиалы мен №7 арнайы түзету мектеп-интернаты арасындағы ынтымақтастық шеңбері аясында «Ерекше білім беру қажеттілігі балаларға жаңартылған білім беру аясында оқу, түзете-дамыту үдерісін ұйымдастыру ерекшеліктері» тақырыбында семинар-практикум өтті.

Ерекше білім беру қажеттілігі оқу-дамыту барысындағы сапалы білім алуға, баланың мүмкіндіктері мен қажеттіліктеріне сәйкес табысты оқуы мен дамуы үшін әлеуметтік-психологиялық және педагогикалық жағдайлар жасау мақсатында ұйымдастырылған шараға 30-ға жуық интернат педагогтері қатысты.

Семинардың тәжірибелік бөлімінде мектеп-интернат педагогтері «Заманауи білім беру технологияларын дамыту – сапалы білім негізі», «Үздік жаңартылған сабақ», «Жаңартылған білім мазмұны аясында бастауыш сыныптарда оқу үдерісін ұйымдастыру ерекшеліктері» тақырыптарында ерекше білім беруді қажет ететін балаларға жеке амалдар қолдану, сабақ үдерісінде әдіс-тәсілдерді тиімді қолдану бағыттары бойынша тәжірибелерімен бөлісті.

Алдағы уақытта №7 арнайы түзету мектеп-интернатымен серіктестік пен ынтымақтастықты нығайтуға бағытталған сындарлы жұмыстар жалғасын табатын болады.

Айгүл Қозбахова,

«Өрлеу» Қызылорда облысы

бойынша филиалының

 аға оқытушысы

 


>>> Біздің Facebook, Instagram парақшаларымыз бен Telegram каналымызға жазылыңыз! <<<