Фото: ашық дереккөз
Түркияның орталық бөлігінде магнитудасы 7,8 болатын жаңа жер сілкінісі тіркелді, деп хабарлайды ҚазАқпарат.
Жер сілкінісі сондай-ақ, Дамаск, Латакия және Сирияның басқа да бірқатар провинциясында сезілді.
Эпицентрі Түркияның оңтүстік-шығысындағы Кахраманмараш провинциясының Пазарджик аймағында болған 7,4 балдық жер сілкінісі салдарынан 912 адам қаза тауып, 5385 адам жарақат алды.
![](https://www.inform.kz/radmin/news/2023/02/06/230206162438706e.webp)
Реджеп Тайип Эрдоған Анкараның әлемнің 45 мемлекетінен көмек көрсету жөнінде ұсыныс түкенін мәлім етті.
Қазақстан Президенті Қасым-Жомарт Тоқаев Түркия басшысына көңіл айтты. Сондай-ақ ол Үкіметке Түркияға шұғыл көмек көрсетуді тапсырды.
Фото: ekonomigundemi.com.tr
>>> Біздің Facebook, Instagram парақшаларымыз бен Telegram каналымызға жазылыңыз! <<<