Түркияда қаза тапқан отандасымыздың денесі елге қайтарылды

326

0

Фото: ашық дереккөз

Түркиядағы жер сілкінісінде қаза тапқан Жанар Жақсыбекованы бүгін туыстары жер қойнына тапсырды, деп хабарлайды Stan.kz.

Жер сілкінісінен кейін хабар-ошарсыз кеткен отандасымыз үш күн бұрын үйіндінің астынан табылған болатын.

Қазақстандық дипломаттар қаза тапқан отандасымыздың денесін Кахраманмараштан Анталияға, одан әрі Алматыға жеткізуге қажет құжаттарды ресімдеуге барынша көмек көрсетті. Бүгін мәйіт Талдықорған қаласына жеткізілді. Тасымалдау бойынша барлық шығынды мемлекет өз мойнына алды. Марқұм бес жылдан бері Түркияның Кахраманмараш қаласында тұрған. 47 жастағы Жанармен 6 ақпаннан бері байланысу мүмкін болмапты. Ақыры жоғалғандардың тізіміне енген отандасымызды құтқарушылар қиранды арасынан тапты.

Күні кеше жер сілкінісінен көз жұмған Мирболат Құрмашев пен Әділ Қадырбековты да жақындары ақтық сапарға шығарып салған. Олардың да денесі тас-талқаны шыққан ғимараттың астынан табылған. Ал қолы сынып жараланған тағы бір отандасымыз Сәбина Мамадиярова қазір Түркиядағы ауруханада емделіп жатыр.

 


>>> Біздің Facebook, Instagram парақшаларымыз бен Telegram каналымызға жазылыңыз! <<<