Жер сілкінісі: 9 күннен кейін тірі қалғандар табылды

319

0

Фото: ашық дереккөз

Түркияда жер сілкінісінен тоғыз күн өткеннен кейін үйінді астынан екі ағайынды құтқарылды деп хабарлайды Stan.kz.

Түркияның оңтүстік-шығысындағы Кахраманмараш провинциясының Дулкадироглу ауданында жер сілкінісінен 198 сағат өткен соң екі ағайынды үйінді астынан құтқарылды. 

14 ақпанда таңертең ондаған құтқарушы 17 жастағы Мухаммед Энес Йенинар мен оның ағасы 21 жастағы Баки Йенинарды аман алып шықты. Оларға алғашқы көмек көрсетіліп, кейіннен ауруханаға жатқызылды.

Ағайынды Йенинарлардың анасы екі күн бұрын үйінді астынан құтқарылған.

Жалпы, Түркияның оңтүстік-шығысындағы жойқын жер сілкінісі салдарынан қаза тапқандар саны 31,6 мыңнан асты.

 


>>> Біздің Facebook, Instagram парақшаларымыз бен Telegram каналымызға жазылыңыз! <<<