Жастарға бағыт-бағдар берілді

529

0

Жастар – қоғамның қозғаушы күші. Әр жастың өмір сүру көрсеткіштері, әлеуметтік хал-ахуалы сала мамандарының жіті назарында. Осы бағытта апта көлемінде қаладағы барлық оқу орындарына сала мамандарымен профилактикалық жұмыстар әлі де жалғасуда.

Бүгін ақпараттық-түсіндірме тобы қаладағы М.Ықсанов атындағы политехникалық колледжі мен Қызылорда Авицинна медициналық колледжінің 100-ге жуық студентіне арнайы түсіндірме жұмыстарын жүргізді.

Қызылорда ҚПБ ЖПҚБ ЮПБ УП инспекторы полиция майоры Айнұр Жақсыбекқызы жастар арасындағы құқықбұзушылық мәселелеріне тоқталып, жастарды тәртіп бұзбауға шақырды.

– Бүгінде қоғам алдында тұрған басты міндеттердің бірі – балалар мен жасөспірімдер арасындағы құқықбұзушылықтың алдын алу, кәмелетке толмағандар арасындағы қылмыстың өсуіне жол бермеу. Бұл мәселе қазір еліміздегі ең көкейтесті мәселелердің біріне айналып отыр. Сол үшін сала мамандары қанша жұмыс жүргізсе де, кәмелет жасқа толмағандар арасында қылмыс күн тәртібінен түспей тұр, – деді полиция майоры.

Жастар денсаулығы орталығының психологы Арайлым Шаймерден мен Жастар ресурстық орталығының мейірбикесі Анар Измаханова жастар арасында кеңінен тараған жұқпалы аурулар, жыныстық жолмен берілетін аурулар, суицид, ерте жүктілік мәселелерін көтерді.

– Бүгінде суицидке бейімделушілік жастар арасында кеңінен етек алуда. Бұған ата-ананың жұмысбастылығы, жастардың көп уақытын әлеуметтік желіде өткізуі, булинг, кибербулинг мәселелері көп ықпал етуде. Сондықтан мұндай профилактикалық шаралардың маңызы зор, – деді А.Шаймерден.

Ал Жастар ресурстық орталығының аға кеңесшісі Бексұлтан Өткелбаев жастарды бас уақытын тиімді өткізуге, қажетті жұмыспен айналысуға шақырды. Апталық жұмысы әлі де жалғасып, қаладағы барлық оқу орындарының студенттерін қамтымақ. Сала мамандары мейлінше мол мағлұмат беріп, аталған бағытта толыққанды жұмыс жүргізетін болады.

 


>>> Біздің Facebook, Instagram парақшаларымыз бен Telegram каналымызға жазылыңыз! <<<