Кәсіпкер мерейі

483

0

Қазалы ауданының әкімі Мұхтар Оразбаев белгілі кәсіпкер, «Қызылорда Балық» ЖШС директоры, Арал, Қазалы аудандарының Құрметті азаматы Аманбай Ерхатовты 63 жас мерейтойымен құттықтады.

Аудан басшысы Аманбай Елеуұлының Сыр өңірін дамытуға қосқан іскерлігін, балық шаруашылығындағы жетістіктерін атап өтіп, мерейтой иесіне ризашылығын білдірді.

Аманбай Ерхатов басқаратын серіктестік бүгінде 250 адамды тұрақты жұмыспен қамтып отыр. Ресейдің Ульяновск облысында да балық өңдеу зауытын салды.

Нәтижесінде Арал теңізінен ауланған балық өңделіп, Мәскеу мен Санкт Петербургтің ірі сауда орындарында сатылуда.

Аманбай Елеуұлы аудандық, облыстық мәслихат депутаты ретінде де Қазалы жерінде көптеген жобалардың жүзеге асуына атсалысты.

 


>>> Біздің Facebook, Instagram парақшаларымыз бен Telegram каналымызға жазылыңыз! <<<