2023 жылғы 4 наурыз күні Астана қаласындағы Zodiak бильярд клубында зиялы қауым мен БАҚ қызметкерлері арасында Жолдасбек Дуанабай атындағы дәстүрлі бильярд турнирі өтті деп хабарлады turkystan.kz.
Аталмыш іс-шараны Aiqyn, «Литер» және Turkistan газеттері қазақ басылымдарына елеулі еңбек сіңірген белгілі журналист, Б.Бұлқышев атындағы сыйлықтың лауреаты, мәдениет қайраткері Жолдасбек Дуанабайдың құрметіне ұйымдастырды.
![Бильярдтан журналистер арасында Жолдасбек Дуанабай атындағы турнир өтті 2 Бильярдтан журналистер арасында Жолдасбек Дуанабай атындағы турнир өтті](https://turkystan.kz/wp-content/uploads/2023/03/radm0280.jpg)
Турнирде ҚР Жоғары ұлттық дәрежедегі төреші Несіп Жүнісбайұлы төрешілік етті.
Жарыста жалпы саны 48 адам бақ сынады. Ойын қорытындысы бойынша 55 жастан асқандар санатында:
І орын (100 мың теңге) – ЕҰУ Журналистика және саясаттану факультетінің деканы, ғалым Қайрат Сақ;
ІІ орын (70 мың теңге) – журналист Әлімжан Сабыржанұлы;
ІІІ орын (50 мың теңге) – жазушы, ардагер журналист Несіп Жүнісбайұлына бұйырды.
Ал 55 жасқа дейінгілер санатында:
І орын (100 мың теңге) – журналист Нұрділдә Ораз;
ІІ орын (70 мың теңге) – ақын, драматург Ұларбек Нұрғалым;
ІІІ орын (50 мың теңге) – «Хабар» агенттігінің журналисі Ахметәлі Саққа бұйырды.
>>> Біздің Facebook, Instagram парақшаларымыз бен Telegram каналымызға жазылыңыз! <<<