Амал келді, Жыл келді!

496

0

«14 наурыз – Көрісу күніне» орай облыс әкімінің орынбасары Нұрымбет Сақтағанов көпбейінді облыстық ауруханада ем алушылардың  жағдайымен танысып, мерекемен құттықтады.

– Өздеріңізге белгілі, бұл – қыстан аман-есен шыққан ағайын-туыстық бір-бірімен қауышатын күні.

Көрісу – жаңа жыл, жаңа өмір, жаңа күн. Бұл күнді Амал мерекесі деп те айтады, яғни, халық көктемге аяқ басып, туған-туыс, көрші-көлеммен жүздескеніне қуанып, қол алысып, төс қағысады. Бір-біріне деген араздық, өкпе-ренішті ұмытып, амандық тілейді.

Әулеттің көпті көрген үлкеніне амандық-саулық тілеп, ізеттілікті дәріптейтін, алыстағы туған-туыспен көрісіп, татулыққа бастайтын халқымыздың ежелден келе жатқан мерекесі әр шаңыраққа құт-береке әкелсін, – деді облыс әкімінің орынбасары.

Емделушілер Нұрымбет Аманұлына алғысын білдіріп, мерекемен құттықтады.

Облыстық денсаулық сақтау басқармасы басшысының міндетін атқарушы Жангелді Мырзагелдіұлы мен медицина саласының ардагері Тұрғанбай Маханұлы аурухана музейімен қатар кардиохирургия, эндоваскулярлы хирургия, №1 хирургия бөлімше жұмыстарымен таныстырды.

 


>>> Біздің Facebook, Instagram парақшаларымыз бен Telegram каналымызға жазылыңыз! <<<