Цифрлық білім беру – заманауи оқытудың кілті

1278

0

Цифрлық білім беру – бәсекеге қабілеттілікті арттыру, білім сапасын жақсарту, экономиканы қарқынды дамыту, жеделдету және оңтайландыру мәселелерін табысты шешетін сенімді құрал. Цифрлық әлемге өту соңғы екі онжылдықтан астам уақыттан бері қарқынды даму үстінде. Бүгінгі күні цифрлық технологиялар жаһандық экономикалық дамудың негізгі факторларының біріне айналып отыр.

«Өрлеу» Қызылорда облысы бойынша филиалында зерттеу қызметтері мен практикалық форматтарда цифрлық білім берудің тиімділігі мен өзектілігін көрсету мақсатында «Цифрлық білім беру – заманауи оқытудың кілті» тақырыбында пән мұғалімдеріне арналған облыстық ғылыми-тәжірибелік онлайн вебинар өткізілді.

Вебинар барысында қатысушылар қазіргі заманауи сабақты цифрлық технологияға негіздеп оқытудың тиімді тәсілдерімен, интернет-платформалар, веб-сервистер, сандық дидактикалық ойындар, білім беру ресурстарына арналған сайттарды пайдалану тәжірибелерімен бөлісті. Интерактивті материалдарды жасауға арналған құралдар – ISPRING QUIZ MAKER, ISPRING VISUALE, Woordwall, prezi, Mentimeter қосымшаларын, 3D слайд, LearningApps, Google бағдарламасымен тиімді жұмыс жасау жолдары көрсетілді.

Облыстық вебинарға келіп түскен мақалалар сарапталып, электронды жинақ түрінде шығарылатын болады.

Маржан Смағұлова,

«Өрлеу»  Қызылорда облысы бойынша филиалының аға оқытушысы

 


>>> Біздің Facebook, Instagram парақшаларымыз бен Telegram каналымызға жазылыңыз! <<<