Алғашқы сайлаушы өз таңдауын жасады

429

0

№348 сайлау учаскесіне келушілердің қарасы қалың. Учаскедегі байқаушылардың капитаны Айгерім Өсерованың айтуынша, бұл учаскедегі сайлаушылардың басым көпшілігі — жастар, орта жастағы адамдар. Қазір үлкен кісілер белсенділік танытуда.

— Мұнда сағат 08:00-ге дейін 30 сайлаушы тіркелді. Әзірге алғаш рет дауыс берушілер жоқ. Мұндағы сайлау барысын 9 байқаушы, 4 сенімді өкіл қадағалауда. Таң атқалы процесті назардан тыс қалдырмай, қарап отырмыз. Барлығы әділ өтуде, — деді ол.

Айтпақшы, мұнда мүгедектігі бар азаматтар үшін арнайы қондырғылар мен компьютерлер және бөлек орындар әзірленген. Кандидаттар тізімі әдейі дайындалған папкаға енгізілген.

— Ең бірінші дауыс беруші таңғы 7-де келді. Әнұран шырқалған соң, қала тұрғыны Ермек Пазлиев алғаш болып өзінің азаматтық парызын орындады, — деді Айгерім Өсерова.

Айта кетейік, учаскеге келіп бірінші болып дауыс берген және алғаш рет дауыс берген сайлаушыларға сый-сияпат жасалды.

– Таңғы сағат 6-да осы сайлау учаскесіне келдік. Сағат 7-де дауыс беру басталды. «Саяхат» тұрғындары ағылып келіп жатыр. Бәрі әділ өтуде. Жалпы Саяхатта 2870 сайлаушы бар, – деді ол.

 


>>> Біздің Facebook, Instagram парақшаларымыз бен Telegram каналымызға жазылыңыз! <<<