Фото: Мысырдағы ҚР Елшілігі
Каир қаласында әз Наурыз мейрамы атап өтілді, деп хабарлайды ҚазАқпарат Мысырдағы ҚР Елшілігіне сілтеме жасап.
Қазақы дәстүріміз бойынша жас нәрестенің ата-анасының сұрауы бойынша арамыздағы ақсақалымыз Қазақстанның Мысыр Араб Республикасындағы елшісі Қайрат Қайырбекұлы тұсауын кесіп батасын берді.
![](https://syrboyi.kz/wp-content/uploads/2023/03/2303212043202349g.jpg)
Қайрат Қайырбекұлы ҚР азаматтарын мерекемен құттықтап, өзінің «Әр мәмүлік жалғызым» атты кітабын сыйға тартты.
Сонымен қатар мерекеде Қазақстан азаматтарына арнайы наурыз көже жасалып, ақ дастарқан жайылды.
>>> Біздің Facebook, Instagram парақшаларымыз бен Telegram каналымызға жазылыңыз! <<<