Сұлтан Бейбарыс көшесін абаттандыру қарқынды жүруде

358

0

Бүгінгі таңда Сұлтан Бейбарыс көшесін абаттандыруға 15 техника, 50 адам жұмылдыруда. Қазіргі күнде жұмыстың отыз пайызы орындалған. Бұл туралы Өңірлік коммуникациялар қызметінің ұйымдастыруымен өткен көшпелі брифингте Қызылорда қаласы әкімінінің орынбасары Ғалымжан Еркебай мәлімдеді.

– Сұлтан Бейбарыс көшесін ағымдағы жылдың 10 наурызынан бастап қайта жаңғырту жұмыстары басталды. Мемлекеттік сатып алу бойынша «УАД» компаниясы конкурсты жеңіп алды. Жол қалыңдығы стандартқа сай төселеді. Яғни, малтатас 43 см, қара шебін 13 см, асфальт 14 см болып төселеді. Ұзындығы 4,2 км болатын жол төрт жолақты болмақ. Жолдың ені он төрт метрді құраса, қосымша бір метр жол жиегі құйылады. Жол жиегіне абаттандыру жұмысы жүргізіліп, тал егу жұмыстары жасалып жатыр. Сондай-ақ, жол бойына төрт мың тал егіледі. Жылу құбырлары жер асты арқылы жүргізілетін болады. Жарықтандыру жолдың екі бетіне орналасады. Жұмыс кестесі 12 айға берілді. Дегенмен өз уақытынан бұрын тапсырамыз деген жоспарымыз бар, – деді Ғалымжан Бақтығалиұлы.

Өңірлік коммуникациялар қызметі

 


>>> Біздің Facebook, Instagram парақшаларымыз бен Telegram каналымызға жазылыңыз! <<<