Ән бәйгесі өз мәресіне жетті

1240

0

Екі күнге созылған композитор, Қазақстанның еңбек сіңірген қайраткері Кеңес Дүйсекеев атындағы I халықаралық ән бәйгесі өз мәресіне жетті.

Конкурстың бас жүлдесін атыраулық әнші Дана Мәжитова, жүлделі I орынды – «Тамсан» триосы (Ақтөбе) және Михаил Качмарек (Польша), II орынды – Айдын Жұмабаев (Астана), Азамат Бекбергенов (Ақтөбе), Абай Сериков (Қырғызстан), III орынды – Алмагүл Батталиева (Алматы), Камила Талғатова (Шығыс Қазақстан облысы), Славея Иванова (Болгария) иеленді.

Сонымен қатар, «Үміт» номинациясы Кенже Майлыбайға (Қызылорда облысы, Қазалы ауданы) «Көрермендер көзайымы» номинациясы Муса Молдабаевқа (Өзбекстан), «Туған жер» номинациясы Ақылбек Табынбаевқа (Қызылорда) табысталды. Конкурс бүгін Н.Бекежаенов театрында гала концертпен қорытындыланды.

Сыр елінің талантты перзенті, қазақ эстрадасының дамуына сүбелі үлес қосқан композитор Кеңес Дүйсекеевтің есімі өнер көгінде мәңгі жарқырай бермек.

 


>>> Біздің Facebook, Instagram парақшаларымыз бен Telegram каналымызға жазылыңыз! <<<