Алаш айтқан асыл сөз

787

0

Қалалық оқушылар үйінде аға тәлімгерлерге арналған курс аясында «Жас ұлан» ұйымының «Алаш ұлағаты – Ұландар үнінде» жылдық жоспарына сәйкес «Алаш айтқан асыл сөз» тақырыбында кезекті көшпелі тәжірибелік сабақ ұйымдастырылды.

Көшпелі тәжірибелік сабақ барысында Оқушылар мен жасөспірімдер үйінің тәлімгері Гүлжібек Қапанова балалардың бос уақытын ұйымдастыруда «Оқуға құштар ұлан» акциясының маңыздылығына тоқталып, оқырманға кітап оқуды насихаттау, оқушыларды кітап оқуға қызықтыру, олардың тілдік сөйлеуін дамыту мақсатында балалар ұйымында қолданылатын жаңаша әдістермен, формалармен, акциялармен, жобаларды ұйымдастыру бағытындағы жұмыстармен таныстырды. Алаштанушы, тарихшы тұлғалардың, Алаш арыстарының өмірінен, айтқан сөздерінен бейнематериал көрсетілді.

Елінің еркіндігі мен тілі, діні, мәдениеті жолында аянбай еңбек етіп, сол жолда құрбан болған Алаш арыстарының тағылымы мен тәрбиесі, өнегелі сөздері бүгінгі қоғамымызға ауадай қажет екенін және «Алаш айтқан асыл сөз» жинағының авторлары мен жинақ ішінде көрсетілген 25 Алаш арысының «ұлтты ұйытқан» ұлы сөздерінің мағынасы түсіндіріліп, тыңдаушылар өзара пікір алмасты.

Тәжірибелік сабақта кітап құрастырушылардың бірі, тарихшы Еркін Ерланұлының осы жинақ туралы айтқан пікірі тыңдалып, курсқа қатысушы аға тәлімгерлер «Ұлтты ұйытқан ұлы сөздерді» қолданып, алған әсерлерін өлең жолдары арқылы түйіндесе, Қызылорда қаласындағы №112 мектептің тәлімгері Айгерім Қартабекқызы курс тыңдаушыларын төрт топқа бөліп, интеллектуалды сайыс ұйымдастырды.

Бағдарламаға сәйкес курс тыңдаушыларының көрсетілген сабақ бойынша ұсыныс-пікірлері тыңдалып, оқушыларға арнап өткізілетін кітап оқу акцияларының түрлері ұсынылды.
Шара қорытындысында №282 мектеп-лицейінің тәлімгері Айкен Пайзуллаев Мағжан Жұмабаевтың «Мен жастарға сенемін» өлеңін оқып, Мағжан сенген жастардың рухын көтеріп тастады.

Оқушылар үйінің мәдени-көпшілік меңгерушісі Гүлжібек Қапанова іс-шараларды жоғары деңгейде ұйымдастырғаны үшін «Өрлеу» Қызылорда облысы бойынша филиалының Алғыс хатымен марапатталды.

Жанар Құлымбетова,

«Өрлеу» Қызылорда облысы бойынша

филиалының аға оқытушысы

 


>>> Біздің Facebook, Instagram парақшаларымыз бен Telegram каналымызға жазылыңыз! <<<